Сабақ 3. Бірмүше - Оқу материалдары
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Бүгінгі сабақта:
бірмүше анықтамасын білесіздер, оның коэффициенті мен дәрежесін табуды және бірмүшені стандарт түрде жазуды үйренесіздер.
Анықтама: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.
Мысалы:
Бірмүшенің стандарт түрі
Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшенің түрі бірмүшенің стандарт түрі деп аталады.
Мысалы:
Бірмүшені стандарт түрге келтіру
Бірмүшені стандарт түрге келтіру үшін көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып ықшамдау керек.
Мысалы:
Стандарт түрдегі бірмүшелерде айнымалылар алфавиттік ретпен жазылады.
Бірмүшенің дәрежесі
Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Мысалдар:
бірмүшенің дәрежесі 7-ге тең.
бірмүшенің дәрежесі 10-ға тең.
5 - бірмүшенің дәрежесі 0-ге тең, себебі бірмүше құрамында айнымалы жоқ.
Бірмүшелерді көбейту үшін:
- бірмүшелердің коэффициенттерін көбейту;
- бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштерін қосу;
- бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалыларды сол қалпында қалдыру;
- шыққан нәтижелерді бір-біріне көбейту керек.
Мысалы:
Бірмүшені дәрежеге шығару үшін:
- әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығару;
- нәтижелерін көбейту керек.
Мысалы:
Бірмүшені дәрежеге шығарайық:
Көбейтуді орындайық:
Мына есептерді қарастырайық:
- Бірмүшенің коэффициентін анықтаңыз:
Шешуі:
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, бірмүшені стандарт түрге келтіреміз:
Жауабы: бірмүшенің коэффициенті 2,7
- Бірмүшенің дәрежесін табыңыз:
Шешуі:
1) бірмүшені стандарт түрге келтіреміз:
2) Бірмүшенің дәрежесін анықтаймыз:
36m2n7
Жауабы: бірмүшенің дәрежесі 9-ға тең
- Тіктөртбұрыш қабырғаларының қатынасы
- 5 :4. Тіктөртбұрыштың ауданы 500 дм2 болса, қабырғаларының ұзындықтарын анықтаңыз.
Шешуі: S=ab; a=5x; b=4x; S= 500 дм2 теңдеу құрамыз:
x=5 (оң санды аламыз)
a=5x; b=4x; a=5∙5=25дм және b=4∙5=20дм
Жауабы: Тіктөртбұрыштың қабырғалары 25 дм және 20 дм.