Сабақ 12. Өсімдік мүшелерінің құрылысы мен қызметі - Оқу материалдары


Жер астында орналасқан өсімдік мүшесі тамыр деп аталады. Тамыр-өсімдіктің вегетативті мүшесі, ол шексіз ұшынан өсу қасиетіне ие, яғни ол ешқандай шектеусіз үнемі төмен қарай өсе алады. Тамырдың 3 түрі бар:

Негізгі тамыр - ол ортасында орналасады және бірінші болып тұқымнан дамиды.

Жанама тамырлар - негізгі тамырдың тармақтары болып табылады

Қосалқы тамырлар - бұл өркеннен басталып, төмен қарай өсетін тамырлар.

 

Тамырдың оймақшасы мен негізінің құрылысы мен атқаратын қызметтері әр түрлі. Тамырдың оймақшасынан бастайық. Оны бірнеше аймаққа бөлуге болады:

Тамыр оймақшасы. Бұл тамырдың ең шетінде орналасқан жасушалар. Олар бөліну аймағындағы жасушаларды топырақ кесектерінің әсерінен болатын зақымдаудан қорғайды.

Бөліну аймағы - тамырдың ұзынынан өсуін қамтамасыз ететің белсенді бөлінетін жасушалардың аймағы.

Бөліну аймағының жоғарғы бөлігінде тамырдың тегіс бөлігі орналасқан. Бұл өте кішкентай бөлікте жасушалар бөлінбейді, бірақ өте қатты созылады, тамыр бойымен ұзарады, соның арқасында тамырдың ұзыныдығы артады - бұл созылу аймағы немесе тамырдың өсу аймағы. 

Өсу аймағынан жоғары тамыр түктері бар тамыр аймағы орналасқан. Тамыр түктері - табырдың сыртқы жамылғасының жасушаларының ұзын өсінділері. Тамыр түктерінің үзындығы, әдетте, 1-2 мм құрайды. Олар тамырда тығыз орналасқан. Олардың көмегімен тамыр топырақтан еріген минералды тұздары бар суды сіңіреді. Тамыр түктері кішкентай сорғылар сияқты жұмыс істейді. Сондықтан, тамырлы түктері бар тамыр аймағы сору аймағы деп аталады.

Сору аймағының жоғарғы жағында тамырдың өткізу аймағы орналасқан, оның жасушалары арқылы тамыр түктері сіңіретін су мен минералды тұздар сабаққа қарай өтеді. Тамырдың негізгі бөлігін көлденең қимасынан зерттеу оңайырақ. Бұл деңгейде тамырдың бірнеше құрылымы бар:

Қабығы - негізгі қызметі тамырды қорғау болып табылатын тамырдың сыртқы қабаты.

Сүрек немесе ксилема - бұл судың тамырдан жоғары өтуіне жауапты өткізгіш ұлпа.

Қабық (луб) немесе Флоэма - бұл органикалық заттардың тамырға қарай төмен өтуіне жауапты өткізгіш ұлпа.

Камбий – ксилема және флоэма жасушаларының түзілуі мен өсімдіктің қалыңдығы бойынша өсуіне жауапты түзуші ұлпа.

 

Сабақтың ішкі құрылысын көлденең қимасынан зерттейді. Сабақта құрылымы мен атқаратын қызметі бойынша ерекшеленетін бірнеше құрылымдар бар:

Эпидермис - жасушалардың ең сыртқы қабаты. Ол сабақты қорғауға жауап береді және булануға жол бермейді.

Эпидермис астында тоз жасушаларының бірнеше қабаттары бар, олар өсімдікті қорғауға жауап береді және өсімдіктің өсуі мен дамуы кезінде эпидермис жасушаларын алмастыра алады.

Эпидермис пен қабықтың арасында жасымық деп аталатын үзілімдер болуы мүмкін. Жасымықта пайда болған кеңістік газ алмасуға жауап береді.

Қабық (луб) немесе Флоэма қоректік заттардың өсімдік бойымен жапырақтардан басқа мүшелерге тасымалдануына жауап береді.

Флоэма, тоз және эпидермис қабаттары бірге өсімдіктің қабығын құрайды.

Сүрек немесе ксилема судың тамырдан басқа мүшелерге тасымалдануына жауап береді. Ксилема мен флоэма арасында камбий қабаты бар, тамырдағыдай ол жасушалардың бөліну процесінде ксилема мен флоэманың түзілуіне жауап береді.

Сүрек бойында құрылымдар кездеседі. Олар өзектік сәулелер деп аталады. Бұл жасушалар флоэмадан өзекшеге дейін қоректік заттарды көлденең тасымалдауға жауап береді. 

Өзекше - қоректік заттардың жиналуына жауап беретін сабақтағы орталық жасушалар.

Жоғарыда көрсетілгендей, тамыр мен сабақтар ксилема мен флоэмадан тұратын өткізгіш ұлпалардың көмегімен бір-бірімен байланысты. 

Жалпы алғанда, тамыр ксилема жасушаларының көмегімен өсімдікке сабақтар мен жапырақтарға берілетін су мен минералдардың сіңуіне жауап береді.

Жапырақтар қоректік заттарды бөледі, содан кейін оларды флоэма жасушаларының көмегімен сабақтар мен тамырға тасымалдайды.

Содержание
Автор
avatar
Айжан Усербаева
PhD по специальности Биотехнология
Все курсы
Содержание