Сабақ 2. Тірі ағзалардың алуантүрлілігі - Оқу материалдары
Ағзаларды классификациялаудың бірнеше жолдары бар.
Мысалы, барлық су ағзаларын, ақ -қара тіршілік иелерін бір топқа біріктіре аласыз. Дегенмен, бұл өте мағыналы топтар жасамайды; теңіз балдыры мен теңіз шошқасы - екеуі де су организмі, сауысқан мен зебра - ақ және қара; бірақ бұл жұптардың ешқайсысының ортақ белгілері жоқ, тек тірі организмдер болғаны, ал соңғы екеуінің жануарлар екендігінен басқа көп ортақ қасиеттері жоқ. Егер ағзаларды осылай жіктесек, жүйесіз болар еді.
Сонымен, біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалардың неше түрі тіршілік ететіндігін қалай анықтай аламыз?
Биолог ағзаларды жіктегенде маңызды белгілеріне қарап, табиғи жіктеу жүйесіне сай топтастырады, мысалы: Құстардың барлығының қанаттары, тұмсықтары мен қауырсындары бар; жаратылыстың құс екеніне күмән жоқ. Нәтижесінде биологтар тірі заттарды қалай топтастыру керектігі туралы өз идеяларын өзгертіп тұрады. Жаңа топтар ұсынады, ал ескілері жойылады.
Тірі ағзалар құрылыс ерекшелігіне қарай бір жасушалылар және көпжасушалылар деп бөлінеді.
Біржасушалы ағзалардың денесі тек бір ғана жасушадан тұрады, өздігінен тіршілік ете алады, мысалы, қозғалады, тыныс алады, қоректенеді, көбейе алады.
Ал, көпжасушалылардың жасушалары пішіні, көлемі, атқаратын қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Көпжасушалылар ұқсас қызмет атқаратын мамандандырылған жасушалар топтарынан тұрады.
Біржасушалы ағзалар |
Көпжасушалы ағзалар |
Микроскоп арқылы ғана көрінетін, ұсақ, бір жасушадан тұратын ағзалар. |
Көпжасушалы ағзаларға тән қасиет, жасушалар пішіні, көлемі, атқаратын қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Олар әртүрлі ұлпалар мен ішкі құрылыстың құрамында болып, олардың ерекшеліктерше сәйкес қызмет атқарады. |
Амеба, кірпікшелі кебісше,эвглена, хлорелла |
Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар |
Жасуша пішіні тұрақсыз. |
Жасуша пішіні тұрақты. |
Ядроның тікелей екіге бөлінуі арқылы көбейеді |
Жынысты, жыныссыз, вегетативті жолмен көбейеді. |
Қазіргі кезде тірі ағзалардың негізгі 5 патшалығы бар: прокариоттар (бактериялар), протисттер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар
Тірі ағзалар патшалығы |
Жалпы сипаттамасы |
Жануарлар |
Көпжасушалы, ядролы ағзалар; жасуша қабықшасының сыртында қабырғасы болмайды; гетеротрофты яғни дайын органикалық заттармен қоректенеді |
Өсімдіктер |
Көпжасушалы, ядролы ағзалар; жасуша қабырғасы целлюлозадан тұрады; автотрофты яғни органикалық (қоректік) заттарды өздері синтездейді. Бір орыннан қозғалмай өмір сүреді. |
Саңырауқұлақтар |
Көпжасушалы, ядролы ағзалар; жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады; Жануарлар сияқты гетеротрофты яғни дайын органикалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер сияқты отырықшы бір орыннан қозғалмай өмір сүреді. |
Протисталар |
Біржасушалы, ядролы ағзалар; автротрофты/гетеротрофты қоректенеді. |
Прокариоттар |
Біржасушалы, ядросыз ағзалар;автотрофты /гетеротрофты қоректенеді |
Жүйелеу (систематика) ғылымы ағзалардың алуантүрлілігін анықтайды, сипаттайды, атау береді және топтастырады.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай топтарға біріктіруді жіктеу (классификация) деп атайды. Жіктеу кезінде салыстыратын негізгі белгілер: ағза денесінің біржасушалы немесе көпжасушалы болуы, жасушаларында ядроның болуы (эукариоттар) немесе болмауы (прокариоттар).
Ең ірі топ патшалық болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын жіктеу «түрлер» ұғымына негізделген. Карл Линней табиғаттағы тірі ағзаларды топтастырудың иерархиялық (жоғарыдан төмен қарай топтастыру) құрылымын ұсынды. Бұл топтарды жүйелеу бірліктері немесе таксондар деп атайды. Ағзаларды жоғары топ – патшалықтан ең кіші топ – түрге дейін топтастырады. Түр – жіктеудің ең кіші бірлігі. Әр түрдің атауы екі бөліктен тұрады. Мысалы, жүйе бойынша атауы homo sapiens – саналы адам. Homo – туыстық атау, ал sapiens – түрдің атауы. Бұл қосарлы атау барлық елдің ғалымдарына түсінікті болу үшін латын тілінде аталады.