Сабақ 5. Қоректік тізбектің компоненттері және экологиялық факторлар - Оқу материалдары


Экожүйелерде ағзалардың арасында өзара байланыс болады. Қоректік қатынастар неліктен маңызды болып табылады?

«Қоректік тізбектің компоненттері және экологиялық факторлар».

Барлық ағзалар қоректенеді, яғни тіршілігін қамтамасыз ететін энергия алады. Қоректік тізбектің жүйесін буындар қалыптастырады. Қоректік тізбектің буыны – бұл көрші топпен «қорек - тұтынушы» қатынасымен байланысатын тірі ағзалардың тобы. 

 

Саваннадағы қоректік тізбектің қарапайым мысалын қарастырайық: Күн сәулесі фотосинтез үдерісі кезінде органикалық заттарды жасау үшін шөпке қажет, шөп зебра үшін қорек болып табылады, ал зебра арыстан үшін қорек болып табылады.  

Барлық қоректік тізбектер Күн шығаратын энергиядан басталады.Осылайша, қоректік тізбек бұл тірі ағзаның бір түрінен екінші түріне экологиялық жүйенің шегінде энергия берудің бірізділігін білдіреді. Заттардың айналымында ағзалардың үш атқарымдық тобы айқындалады:

Қоректік тізбектің бастапқы буыны бейорганикалық заттарды органикалық заттарға жарықтың көмегімен түрлендіретін ағзалар –продуценттер болып табылады. Продуценттерге жасыл өсімдіктер және микро балдырлар, хлорелла мен спируллина сияқты фотосинтездеуші микроағзалар жатады.

 

Келесі буын продуценттермен қоректенетін түрлерге негізделеді. Гетеротрофтық ағзалардың үш түрі бар:

Бірінші реттегі консументтер – бұл топқа өсімдікпен қоректенетін жануарлардың түрлері жатады, олар өсімдік қорегімен – продуценттермен ғана қоректенеді. Өсімдікпен қоректенетін жануарларға бұғылар, қояндар, жылқылар, сиырлар, қойлар, жәндіктер және т.б. жатады.

Екінші реттегі консументтер – жыртқыштар, жануарлардың бұл түрлері 1-ші реттегі консументтермен қоректенеді. Мысалы, мысықтар, қаршығалар, акулалар, бақалар, жапалақтар пен өрмекшілер – әлемдегі кейбір жыртқыштардың мысалдары.  

Үшінші реттегі консументтер – қорек талғамайтындар, мұндай жануарлар өсімдік тектес қоректерді де, жануар тектес қоректерді де тұтына алады. Оларға аюлар, адамдар, жанаттар, маймылдардың көбісі және көптеген құстар жатады.

 

Қоректік тізбектің соңғы буыны - редуценттер, олар – өлі органикалық заттарды энергия көзі ретінде пайдаланатын және оларды минералдық қосылыстарға (көмірқышқыл газы, су және минералдық тұздар) дейін ыдырататын ағзалар. Редуценттерге көптеген саңырауқұлақтар; топырақ бактериялары; кейбір жануарлар жатады. 

 

Австралияға әкелінген беде тұқым бермеген шынайы тарихи факт белгілі. Бұл немен байланысты деп ойлайсыздар?

Беденің тұқым бермеген себебі – Австралияда осы өсімдікті тозаңдандыратын түкті араның болмауы. Адамдар түкті араны әкелген кезде бұл мәселе шешілді. Түкті аралар бедені тозаңдандырады және беде көбейеді, ал түкті ара қоректену үшін балшырын алады. Осылайша беде мен түкте аралар арасында өзара тиімді байланыс орнайды. 

Тіршілік әлемі көптеген тірі ағзалардан тұрады. Әр ағза оқшауланған жүйе болып табылмайды, ол ортаның әртүрлі жағдайларының шексіз әсеріне ұшырайды. Бұл әсерлер оң және теріс болуы мүмкін. Сондықтан «экологиялық факторлар» деген термин енгізілді. Экологиялық факторлар – бұл ағзаларға әсер ететін сыртқы ортаның компоненттері. 

Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді:

Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың факторларының жиынтығы, оларға ауа, топырақ, тас және су жатады. 

Биотикалық факторлар – тірі табиғаттың факторлары, оларға өсімдіктер, жануарлар, мирокағзалар мен олардың қарым-қатынастары жатады.

Антропогендік факторлар – адам қызметінің нәтижесінде туындаған және қоршаған табиғи ортаға әсер ететін факторлар. 

 

Содержание
Автор
avatar
Айжан Усербаева
PhD по специальности Биотехнология
Все курсы
Содержание