Сабақ 1. Тірі ағзалардың қасиеттері - Оқу материалдары


Барлық тірі ағзалар (организмдер)- олар жеке дара жасушалы болса да немесе көпжасушалы,  өсімдіктер немесе жануарлар, саңырауқұлақтар болса да  барлығына ортақ негізгі қасиеттермен сипатталады.

Олар: қозғалыс, тыныс алу, тітіркенгіштік (сезімталдық), өсу, көбею, бөліп шығару және қоректену.

Ендеше ағзаның осы қасиеттерімен толығырақ танысайық:

Барлық тірі ағзалар – жасушадан тұрады. Бір жасушалы ағзалар денесі бір ғана жасушадан тұрады, мысалы: амеба, кірпікшелі кебісше немесе жасыл эвглена. Ал көпжасушалы ағзалар айтып тұрғандай көптеген жасушалардан тұрады, олар: саңырауқұлақтар, өсімдіктер немесе жануарлар

Амеба обыкновенная: строение, дыхание, питание, размножение C:\Users\Админ\Desktop\Без названия (1).jpg Как вырастить инфузорию туфельку в домашних условиях Why Are Plants Green? To Reduce the Noise in Photosynthesis. | Quanta  Magazine Fantastic Fungi Movie ReviewC:\Users\Админ\Desktop\Без названия (2).jpg

Қозғалыс - бұл ағзаның немесе ағзаның бір бөлігінің бағытын немесе орнын өзгертуге әкелетін әрекеті. Бір жасушалы жануарлар мен жануарлардың көпшілігі тұтастай қозғалады. Саңырауқұлақтар мен өсімдіктер дене мүшелерімен қозғалыс жасай алады.

Animal Movement Images, Stock Photos & Vectors | Shutterstock Do Sunflowers Follow The Sun? 

Қоректену  - бұл энергия, өсу мен даму үшін қажетті материалдарды алу. Өсімдіктерге жарық, көмірқышқыл газы, су мен иондар қажет. Жануарларға органикалық қосылыстар мен иондар және су қажет. Ағзалар өзіне қажет материалдарды жануарлар сияқты қатты тағам ретінде қабылдай алады, немесе оларды алдымен қорытуы мүмкін, сосын саңырауқұлақтар сияқты сіңіре алады, немесе өсімдіктер сияқты оларды өздеріне жинай алады. Азық -түлік көзі ретінде дайын органикалық молекулаларды қолданатын жануарлар гетеротрофтар деп аталады және азық -түлік тізбегінің тұтынушылық деңгейін құрайды. Ал, фотосинтетикалық өсімдіктер автотрофтар деп аталады және әдетте қоректік тізбектердегі бірінші организмдер болып табылады.

Diagram showing process of photosynthesis in plant illustration Stock  Vector Image & Art - Alamy

Тітіркенгіштік – ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіргіштерін анықтап, оған ағзаның қайтаратын жауабы.

Reflex Arc Infographic Diagram With Example Of Polysynaptic Reflex Human  Hand Touching Hot Object Pain Receptors And Direction Of Impulse For  Medical Science Education Royalty Free Cliparts, Vectors, And Stock  Illustration. ImageC:\Users\Админ\Desktop\Без названия (2).png

Өсу - бұл ағза мөлшерінің яғни жасуша санының және құрғақ массаның тұрақты өсуі немесе жасуша көлемінің ұлғаюы. Тіпті бактериялар мен бір жасушалы тіршілік иелері де көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Көпжасушалы организмдер денесіндегі жасушалардың санын көбейтеді, күрделене түседі, пішінін өзгертеді, сонымен қатар көлемін ұлғайтады.

Adorable Animal Family PortraitsСкачать обои семья, лев, львята, львица, зоопарк разрешение 1280x720 #187247

Тыныс алу және жасушалардағы басқа химиялық өзгерістер көмірқышқыл газы сияқты қалдықтарды шығарады. Тірі организмдер бұл заттарды әр түрлі жолмен денесінен шығарады.

C:\Users\Админ\Desktop\Без названия (3).jpgC:\Users\Админ\Desktop\Безымянный.png

Экскреция немесе бөліп шығару - бұл организмнен метаболизмнің қалдық өнімдерін (жасушалардағы химиялық реакциялар, тыныс алу қалдықтары), улы заттар мен ағзаға қажетсіз  заттарды шығару қасиеті.

C:\Users\Админ\Desktop\Безымянный.png

Осылайша, сіздер осы сабақ арқылы  тірі ағзалардың  негізгі тіршілік қасиеттерін білдіңіздер.

Содержание
Автор
avatar
Айжан Усербаева
PhD по специальности Биотехнология
Все курсы
Содержание