Сабақ 4. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын салыстыру - Оқу материалдары
«Экология» сөзі ежелгі грек сөздерінен шыққан:
οἶκος (ойкос) – «үй», «тұрғын үй» дегенді және λόγος (логос) «ғылым», «оқу» дегенді білдіреді. Басқаша айтсақ, экология – адамның, жануарлардың, өсімдіктер мен микроағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерделейтін ғылым.
Экологияны тіршіліктің әртүрлі деңгейлерінде зерделеуге болады. Ең жоғары деңгей-биосфера, бұл планетамыздың барлық экожүйелерін қамтитын жердің тірі қабығы. Келесі деңгей -экожүйе.
Экожүйе – тірі ағзалардың, яғни жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроағзалардың және су, ауа, күн, тастар мен жер кіретін бейорганикалық тіршілік ортасының жиынтығы.
Адамның өзі де экожүйе болып табылады. Организмдер адам ағзасының қай бөлігінде өмір сүре алады деп ойлайсыздар?
Біздің денеміздің ішінде және беткі қабатында көптеген микроорганизмдер: бактериялар, зеңдер, бір жасушалы ағзалар тіршілік етеді. Олар біздің ағзамыздан қоректенеді. Олардың кейбіреуі қауіпті, ал кейбіреуі пайдалы. Тіршілік ортасына байланысты су, жерүсті-ауа, топырақ және ағзалық экожүйелер болады.
Су экожүйесінде әртүрлі балдырлар, микроағзалар, ұлулар, маржандар мен балықтар тіршілік етеді. Жерүсті-ауа экожүйесіне жердің беткі қабатында және ауада тіршілік ететін барлық ағзалар кіреді. Топырақ экожүйесіне құрттар, көртышқандар, көптеген өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады.
Ағзалық экожүйеге иесінің денесінің ішінде немесе беткі қабатында тіршілік ететін бактериялар, вирустар мен паразиттер жатады.
Егер экожүйеден бейорганикалық компоненттерді оқшауласақ, онда біз тіршіліктің «қоғамдастық» деп аталатын келесі деңгейіне түсеміз. Қауымдастық дегеніміз - белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалардың барлық түрлері. Мысалы, шалғындықта гүлдерден, құрттардан, жәндіктер мен бактериялардан тұратын қауымдастықты көре аламыз. Ал теңіз жағалауында балдырлардан, шаянтәрізділерден, балықтар мен ұлулардан тұратын қауымдастықты көре аламыз.
Егер қауымдастықта ағзаның бір түріне ғана назар аударсақ, онда біз популяцияның деңгейіне түсеміз. Популяция – бір аумақта тіршілік ететін бір түрге жататын ағзалардың тобы. Сіз жағалау маңындағы қоғамдастықта балдырлардың, шаяндардың немесе балықтардың популяциясын көре аласыз. Сондай-ақ, популяцияда бір немесе бірнеше дарақтар болуы мүмкін.