Сабақ 11. Омыртқасыздардың, күйіс қайыратын жануарлардың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы - Оқу материалдары


Бүгінгі сабақта сіздер омыртқасыздардың, күйіс қайыратын жануарлардың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысымен танысасыздар.

Өзге ғаламшарлық ғалымдарға жануарлардың аттарын олардың асқорыту ерекшеліктеріне сәйкес қалпына келтіруге көмектесейік.

 

Жердегі алғашқы тірі ағзаның келесі органдары болды: 

Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-асқазан-аш ішек-тоқ ішек-тік ішек

Жердегі екінші тірі ағза 

Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-жемсау-асқазан-ішек  

Жердегі үшінші тірі ағза

Ауыз-қарын-жұмыршақ-жалбыршақ қарын-ұлтабар-аш ішек-тоқ ішек-тік ішек 

 

Ол үшін жауынқұрттың, сиырдың және адамның асқорыту жүйелерінің құрылысын салыстырып, сипаттауымыз керек.

 

Жауынқұрт мысалында омыртқасыздарың асқорыту жүйесін қарастырайық. Жауынқұрттар өсімдіктердің жартылай шіріген қалдықтарымен қоректенеді. Оларды құрттар топырақпен бірге жұтады.

 

Жауынқұртының асқорыту жүйесі денесінің алдыңғы бөлігінің ауыс қуысынан басталады. Одан тағам біртіндеп жұтқыншаққа, кейін өңешке өтеді. Содан кейін тағам кеңейтілген жемсау мен кішігірім бұлшықетті асқазанға өтеді. Онық бойындағы бұлшықеттер тағамның ұнтақталуына ықпал етеді.

Асқазаннан дененің артқы бөлігіне дейін ортаңғы ішек орналасады. Онда ферменттердің әсерінен тағам қорытылып, сіңіріледі. Қорытылмаған қалдықтар қысқа артқы ішекке жеткізіліп сыртқа тік ішек жолы арқылы шығарылады. 

Сиыр, басқа күйіс қайыратын жануарлар секілді, тағамды тиімді өңдеуге және өсімдік, талшыққа бай тағамнан барлық қоректік заттарды алуға мүмкіндік беретін қызықты және күрделі асқорыту жүйесіне ие.

Мәселе мынада, сиырдың жұлынған шөпті мұқият шайнауға уақыты жоқ, әйтпесе, ол күні бойы уақытты тынығусыз тұрып өткізуі керек еді. Сондықтан, біз демалып жатқан сиырды бақылағанда, ол барлық уақытын тамақты шайнауымен өткізетінін байқаймыз.

 

Жапырақтарды, шөптерді, басқа да жасыл өсімдіктерді алу үшін күйіс қайыратын жануарлар ерінді, тілді, тістерді пайдаланады.Сиырдың ауызында тамақ сілекеймен араласып, ұзындығы бір метрден асатын көпкамералы асқазанға өтеді. Ол 4 бөлімнен тұрады: қарын, жұмыршақ, жалбыршақ қарын және ұлтабар. 

 

Сілейкей, бактериялар және қарапайымдылардың әсерінен тамақтың қорытылуы ең көлемді жер - қарында басталады. 

Содан кейін тамақ жұмыршаққа түседі-әр түрлі көлемдегі қуыстары бар торға ұқсас қатпарлы құрылым. Қатпарлар тұрақты қозғалыста болады. Жұмыршақ сүзгінің қызметін атқарады және сілекей мен қарынның микрофлорасымен өңделген белгілі бір мөлшердегі тамақ бөліктерін өткізеді. Жұмыршақтан тамақ өңеш арқылы құсылып тасталып, ауыз қуысына жетеді. Ауыз қуысында ол қайтадан сұйық ботқа күйіне дейін шайналады, содан кейін жалбыршақ қарынға түседі.

Бұл бөлімнің қабырғаларында кітап парақтарына ұқсайтын көптеген қатпарлар бар. Жалбыршақ қарында талшықтың қорытылуы аяқталады және тамақ асқазан сөлінің әсерінен нәруыздар сіңірілетін ұлтабарға түседі.

Ұлтабар - бұл нағыз асқазан. Ол ас қорыту бездері бар шырышты қабықпен қапталған. Ұлтабар қуысының қатпарлары қышқыл асқазан сөлін шығаратын беттің беттік ауданын арттырады. Тұз қышқылының, ферменттердің әсерінен тамақ сіңіріліп, біртіндеп ішекке өтеді.

Қорытылмаған қалдықтар аш, тоқ, кейін тік ішекке өтіп, содан кейін сыртқа анал тесігі арқылы шығарылады.

Қаншалықты мұқият тыңдағандарыңызды тексерейік.

 

 Адамның асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. 

Ауыз қуысының шырышты қабығында көптеген ұсақ және үш үлкен сілекей бездері болады. Ауыз қуысында тіл мен тістер орналасқан. Ересек адамда әдетте 32 тіс бар. Тістер тамақты ұнтақтайды, үгітеді және сөйлеуді қалыптастыруға қатысады.

Ауыз қуысынан тамақ кесектері жұтқыншаққа түседі.  Жұтылған кезде тыныс алу жүйесіне кіру көмекей арқылы жабылады, ал тамақ кесектері өңешке итеріледі.

Өңеш - ұзындығы шамамен 25 см құрайтын бұлшықет түтігі, ол арқылы тамақ асқазанға өтеді. Бұл толқи жиырылу арқылы жүзеге асырылады (бұлшықет қабырғаларының толқын тәрізді жиырылуы).

Содан кейін тамақ ас қорыту жүйесінің кеңейтілген бөлігіне – асқазанға енеді.

 

Асқазанның ішкі шырышты қабаты қатпарлар түзеді және құрамында пепсин ферментін шығаратын көптеген бездер бар, олардың әсерінен нәруыздар пепсинді белсендіруге және микроорганизмдерді өлтіруге қажет аминқышқылдары мен тұз қышқылына дейін бөлінеді. Бездердің бір бөлігі асқазанның қабырғаларын өзін-өзі қорытудан қорғайтын шырышты бөледі. Асқазанда тамақ 2-8 сағат тұрады, содан кейін ұзындығы 5-6 метр болатын аш ішекке өтеді. Аш ішектің бірінші бөлімі - он екі елі ішек. 

 

Онда екі үлкен бездің — бауыр мен ұйқы безінің каналдары ашылады.

Бауыр - адам ағзасындағы ең үлкен орган, ол құрсақ қуысында диафрагманың оң жағында орналасқан. 

майларды майғындау (эмульгациялау) және ыдыратуға қажетті өтті ішек қуысына бөледі;

ішекте сілтілі ортаны қамтамасыз етеді және ұйқы безінің жұмысын ынталандырады;

тағамның қорытылуы нәтижесінде пайда болатын улы заттарға тосқауыл болады;

глюкозаны гликогенге айналдырады, ал қандағы қант төмендеген кезде гликогенді ыдыратады және глюкозаны босатады.

 

Ұйқы безі асқазанның астында сол жақта орналасқан. Оның асқорытудағы міндеті келесідей: ол асқорыту ферменттеріне бай ұйқы безі шырының бөледі. Ферменттер әсерінен аш ішекте нәруыздар, көмірсулар мен майлардың соңғы ыдырауы жүреді. Аш ішектің маңызды қызметі - асқорыту өнімдерін сіңіру. Аш ішектің шырышты қабаты сіңіру бетін бірнеше есе арттыратын көптеген бүрлерді  құрайды.

Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрді құрайды. Онда аппендиксі бар соқыр ішек және тік ішек оқшауланған. Тоқ ішекте су, талшықты қорыту өнімдерін сіңіру және нәжістің қалыптасуы жүреді. 

Қорытылмаған қалдықтар тік ішекте жиналады және анал тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Содержание
Автор
avatar
Айжан Усербаева
PhD по специальности Биотехнология
Все курсы
Содержание