Сабақ 13. Бұл әлем қалай құрылған? - Оқу материалдары


Ежелгі заманнан бері адамдар бұл әлемнің қалай құрылғанын білу қызығушылық танытты. Мүмкіндігінше көбірек білу үшін олардың кейбіреулері саяхаттады, жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттеді, ал басқалары аспан денелерін зерттеп, ғарышты бағындырды. Бірақ, ең алдымен, адамдарды бізді қоршап тұрған әлем неден тұрады деген сұрақ қызықтырды.

 

Микроәлемді зерттеу тарихы екі жарым мың жыл бұрын Ежелгі Грецияда басталған, философ Демокрит барлық заттар "бөлінбейтін" ең кішкентай бөлшектерден, яғни,  атомдардан тұрады деп болжаған. 18 ғасырдың ортасында орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов табиғаттағы барлық денелер корпускулалардан тұрады деген теорияны алға тартты. Корпускулалар  кейіннен молекулалар деп аталды. Бұл тұжырымды жасау үшін ондаған, жүздеген тәжірибелер жасалынған.

 

Ондай болса, сондай тәжірибенің  бірін қарастырып көрейік.

 

Электролизер құралын пайдаланып судың құрамын зерттеуге болады. Егер су арқылы тұрақты ток өткізсеңіз, онда сіз мыналарды байқай аласыз: құрылғының екі жағында да жаз жиналады. Бірақ, көлемі аздау газ бөлініп жатқан жағына шала жанған шырпыны апарсаңыз, шырпы лаулап қатты жана бастайды. Бұл оттек газының бөлінгенін білуге болады.  

 

Екінші жағында бөлінетін газдың көлемі екі есе көп. Жанып тұрған шырпыны алып барса, «пах» деген дыбыс шығара жанады.

 

Эксперимент нәтижелері су молекуласында екі химиялық элементтің атомдары бар екенін дәлелдейді: 1:2 (1 де 2) қатынасында оттегі мен сутегі. Яғни, су молекуласын алу үшін екі сутегі атомы бір оттегі атомымен байланысады. Екі немесе одан да көп химиялық элементтердің атомдарынан тұратын мұндай заттар қосылыстар деп аталады және ол күрделі заттарға жатады.

 

Судан алынған заттар: оттегі мен сутегі химиялық элемент атомдарынан тұрады. Мұндай заттар элементтер немесе жай заттар деп аталады.

 

Табиғатта барлық заттар көбінесе таза емес, қоспалар түрінде болады. Мысал-теңіз суы. Егер суды микроскоппен қарастырсақ, онда біз оның ішінде элементтердің де, қосылыстардың да көптеген молекулаларын табамыз. Мысалы, теңіз суында натрий хлориді және оттегі элементі сияқты қосылыстар бар. Теңіз суы қоспа болап табылады.

 

Сонымен, қорытындылай келе, бізді қоршаған ортада элементтер, қосылыстар және қоспалардан тұрады.

 

Элементтер-бұл бірдей химиялық элементтің атоЧмдарынан тұратын қарапайым заттар. Мысал ретінде азот, алтын, күкіртті алуға болады. 

 

Қосылыстар-бұл екі немесе одан да көп түрлі химиялық элементтердің атомдарынан тұратын күрделі заттар. Мысалы, қант, бор, тұз. Қоспалар –бұл екі немесе бірнеше жай және күрделі заттардан тұрады. Ауа, табиғи су, сүт-мұның бәрі қоспалар. Олар барлық жерде кездеседі.   

Содержание
Автор
avatar
Газиза Жусипназарова
Химия пәні мұғалімі
Все курсы
Содержание