Сабақ 9. Ауаның құрамы - Оқу материалдары


Ауанның құрамы қандай?

 

Ауа бізге не үшін қажет?

 

Неліктен жер бетінде өмір бар?

 

Жердің басқа планеталардан айырмашылығы неде екенін білесіз бе?

 

Бұл жер атмосферасындағы ауаның ерекше құрамына байланысты.

 

Ауаның құрамында бірнеше газдар қоспасы бар. Атап айтатын болсақ, азот, оттегі, көмірқышқыл газы және аздаған мөлшерде инертті газдар. Тек оттегінің болуы планетада өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың өмір сүру мүмкіндігін береді.

 

Әрине ия, олай болатын болса тәжірибе жасап көрелік. Жұмыстың мақсаты, ауаның құрамында оттегі газының барын анықтау.  Бізге ол үшін балауыз шам, су, цилиндр, кристалдандырғыш  қажет. Енді оттекті өзіне тән қасиеті арқылы анықтаймыз, алдымен цилиндрді бірдей етіп көрінетіндей маркермен бес бөліп белгілейміз. Содан кейін кристалдандырғышқа   суды құйып, ішіне балауыз шамды жағып, үстінен цилиндрді жауып қоямыз. Көріп тұрғандарыңыздай балауыз шам өшіп, су цилиндр ішіне көтеріледі. Судың көлемі белгіленген бөліктің бір бөлігіне дейін көтеріледі. 

 

Яғни осы тәжірбие арқылы ауаның құрамында оттекті анықтауға болады екен. Сонымен оттектің қатысында жану реакциялары жүреді, қорытындылайтын болсақ, оттегі жануды қолдайтын газға жатады. Егер өрт болған кезде ауаның жабатын болса, өртті тез ауыздықтауға болады екен. Шағын өрт болған кезде ауа үшін киіз, құм қолданады екен. 

 

Ал, балалар, ойланып көрдіңіздер ме, неге су цилиндрдің 1/5 (бестен бір бөлігіне) көтерілді?

 

Цилиндр ішінде ауа болатын болса, оның құрамындағы оттегі газы жануды қолдайды, цилиндр ішіндегі барлық оттегі жұмсалғаннан кейін осы газдың орны босап қалады, яғни цилиндр ішіндегі қысым кемиді. Жұмсалған газдың көлеміндей деңгейді су басады екен. Енді осы көтерілген судың көлеміне қарап, ауа құрамындағы оттегі газының көлемін анықтауға болады екен. 

 

Жауабы 20 пайыздай болады екен. Нақтырақ айтатын болса ауаның құрамында 21 пайыз оттек газы болады екен. Сонымен қатар 78 пайыз азот газынан, 0,3 пайыз көмірқышқыл газы, 1 пайызды интертті газдардан тұрады екен.  

Содержание
Автор
avatar
Газиза Жусипназарова
Химия пәні мұғалімі
Все курсы
Содержание