Сабақ 5. Атом құрылысы - Оқу материалдары
Бүгінгі сабақта: Атом құрылысы қандай?
Атомдардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Изотоп дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
Атом кез келген заттың құраушысы. Ол кіші бөлшек. Дегенменде атомның өзі үш түрлі бөлшектен тұрады. Протон, нейтрон және электрон. Протон оң зарядты, салмағы бар. Нейтрон бейтарап, яғни заряды жоқ. Салмағы бар бөлшек. Электрон теріс зарядты, ең жеңіл бөлшек. Атом орталығын ядро деп атайды. Ядрода атомның негізгі салмағы орналасқан, яғни протон+нейтрон ядрода тұрады. Ал электрон осы ядроның айналасында орналасады.
Сіздер физикадан білерсіздер оң зарядты бөлшектер мен теріс зарядты бөлшектер арасында «электростатистикалық күш» пайда болады. Бұл оң заряд пен теріс зарядтың өзара тартылатынын білдіреді. Электрон атомның ядросындағы протон бөлшегінің арасындағы тартылыс әсерінен атом құрамынан шыға алмайды екен.
Барлық атомның құрамын осы аталған үш бөлшектен тұрады. Онда ойланып көрелік, барлық элементтер атомдар, ал атомдардың құрамы жоғарыда аталған бөлшектерден яғни, протон, нейтрон, электроннан тұрса онда, алтын, күміс , алюминий неге әртүрлі заттар?
Яғни элементтердің құрамдары атомдардың құрамындағы протон, нейтрон және электрон сандары әртүрлі болады екен. Мысалы, алюминий 13 протон және 13 электрон. Ал алтын құрамында 79 протон және 79 электрон болады екен. Кестеден көріп тұрғандарыңдай құрамындағы протон, нейтрон, электрон сандарының әртүрлі болу атомдарға әртүрлі физикалық, химиялық қасиеттер береді екен.
Олай болатын болса, сутек атомы мысалында изотоптың не екендігін қарастырайық.
Сутек атомында 1 протон барын білеміз оның изотоптарында да 1 протоннан бар. Ал нейтрон сандары әртүрлі мысалы, 0, 1 және 2. Изотоп дегеніміз- құрамында протон сандары бірдей, бірақ нейтрон сандары әртүрлі атомдар.
Құрамында нейтрон сандарының әртүрлі болуына байланысты сутек атомының изотоптары әртүрлі атауға ие болады. Мысалы, егер құрамында тек 1 протон мен электрон, ал нейтрон болмаса протий, егер құрамында 1 протон, 1 электрон, 1 нейтрон болса дитерий деп аталады. Егер сутек атомының құрамында 1 протон, 1 электрон 2 нейтрон болса, тритий деп аталады. Бұлардың барлығы сутек изотоптары болып табылады.
Изотоп дегеніміз – протон сандары бірдей, ал нейтрон сандары әртүрлі атом түрлерін атаймыз.