Сабақ 7. Физикалық және химиялық құбылыстар - Оқу материалдары


Қай жерде, қай уақытта болсын біздің айналамызда үнемі өзгерістер болып тұрады. Ол өзгерістер физикалық немесе химиялық болуы мүмкін. 

 

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар

 

Кез-келген зат атомдардан құралады. Химиялық және физикалық құбылыстар кезінде осы заттардың құрылысы, құрамының өзгеруіне байланысты болады. Егер заттың құрамы өзгермей тек пішіні өзгеретін болса ол физикалық құбылыс орын алады. Мысалы, ағашты жару, матаны кезу, судың булануы, қатуы немесе еруі. 

 

Бұл кезде құрамындағы атомдар өзгеріске ұшырамайды. Тек пішіндері өзгереді. Мысалы, су қатты күйінде мұз болады. Құрамындағы су молекулаларының орналасуына ғана өзгеріс болады, ал жалпы су молекулалары өзгермейді, мысалы сұйық күйде де судың құрамы су молекулаларынан тұрады. Ал бу күйге көшкенде су молекулаларының арасындағы байланыс үзіледі яғни агрегеттың күйі өзгереді ал құрамы өзгеріссіз қалады. Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды.

 

Ал кейбір құбылыстарда өзгеріс қайтымсыз болуы мүмкін. Жану процесі, мысалы, көмірдің жануы кезінде тек пініші ғана емес сонымен қатар құрамы да өзгереді. Көмір жану нәтижесінде көмірқышқыл газы түзіледі, яғни жаңа зат пайда болады. Бөлінген көмірқышқыл газынан қайта көмірді ала алмаймыз. Егер өзгеріс кезінде пішінімен қатар, құрамы мен құрылысы өзгеретін болса бұл құбылыс – химиялық болады. Осындай химиялық құбылыстарға тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, түстің өзгеруі, энергияның бөлінуі не сіңірілуі немесе жарықтың шығуы бұлардың барлығы химиялық құбылысқа жатады. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.

Содержание
Автор
avatar
Газиза Жусипназарова
Химия пәні мұғалімі
Все курсы
Содержание