Сабақ 10. Лимон неге қышқыл? - Оқу материалдары


Әр адам  лимонды жеп көргенде аузында қышқыл дәм сезіне бастайды. Неліктен кейбір көкөністер мен жемістердің қышқыл дәмі бар, ал басқаларда жоқ.

 

Бұл сабақта біз:

- "қышқылдық" және "сілтілік"дегеніміз не ;

- қышқылдықты қалай анықтауға болатындығын қарастырамыз

 

Қышқылдар адам өмірінде кеңінен қолданылады. Көптеген адамдар тамақ өнеркәсібінде қолданылатын сірке қышқылын біледі: тамақ дайындау, консервілеу, кондитерлік өнімдерде. Медицинада қолданылатын аскорбин қышқылы да таныс.

 

Бірақ қышқылдар қайдан пайда болады?

 

Олар табиғи ма?

 

Лимон, шие, қара өрік, лайм, гранат, мүкжидек пен қарлыған-құрамында қышқыл бар жидектер мен жемістер. Қышқылдарды қымыздық, қызанақ және баклажан сияқты көкөністерде де кездестіруге болады. Тіпті картоп сияқты қышқыл емес көкөніс құрамында салицил деп аталатын органикалық қышқыл бар. Органикалық қышқылдар тек дәмдік құндылыққа ие емес. Олар кейбір зат алмасу процестерде және ас қорыту процестерінде маңызды рөл атқарады. Негізінен бұл алма, лимон және шарап қышқылдары. Барлық қышқылдар қышқылдық қасиетке ие. Мысалы, шие қышқыл дәмге ие. Қалай ойлайсыздар? Шиенің құрамында қандай қышқыл бар?

 

Қышқылдардан басқа табиғатта сілтілер бар. Авокадо, сарымсақ, қияр және банан - бұл сілтілік құрамы бойынша жетекші орын алатын өнімдер. Минералды су сілтілік ортаға ие. Әдетте, құрамында сілтілер бар өнімдер сабын тәріздес сезіледі, яғни сырғиды. Мысалы, піскен банан жанасуға өте тайғақ. Сілтілерге тән қасиет-сабындылық.

 

Қышқылдар мен сілтілер тек органикалық ғана емес болуы мүмкін. Күкірт, тұз, азот сияқты минералды қышқылдар белгілі. Сілтілердің ішінде натрий мен калий гидроксидтері кеңінен қолданылады.

 

"Coca-cola" немесе "Pepsi" сусындарында. Е338 тағамдық қоспасының құрамында қандай қосылыс бар деп ойлайсыз? Өте дұрыс! Бұл танымал сусындардың құрамында ортофосфор қышқылы бар.

 

Өмірде сілтілер үлкен рөл атқарады. Мысалы, сілтілер негізінде сұйық және қатты жуғыш заттар мен тазартқыштар жасалады.

 

Қышқылды немесе сілтіні қалай тануға болады?

 

Лимонның бір бөлігі шайға салған кезде түсі қалай өзгеретінін байқадыңыз ба? Немесе қызылшаға сірке суын сепсе түсі қалай өзгереді? Табиғатта әртүрлі ортада өз түсін өзгерте алатын заттар бар. Мысалы, қышқыл ортадағы қызылшаның түсі  қызылға өзгертеді. Заттың қышқылдығы неғұрлым жоғары болса, түс қанық болады. Көбінесе қызыл қырыққабат күнделікті өмірде индикатор ретінде қолданылады. 

 

Зертханада қышқылдар мен сілтілерді метилоранж, лакмус және фенолфталеин сияқты индикаторлардың көмегімен анықтайды. Көбінесе индикаторлар ерітінді түрінде қолданылады. Белгілі бір зат ерітіндісінің ортасын анықтау үшін оған аз мөлшерде индикатор салып, ерітіндіде болатын түс өзгерісін бақылау керек.

 

Индикаторларды екі ерітіндіде сынап көрейік: апельсин шырыны және минералды су.

 

Біз апельсин шырыны бар ерітіндіге метилоранж индикаторының 2-3 тамшысын салып, индикатордың түсінің қызғылт сарыдан қызғылт түске өзгеруін байқаймыз. Бұл ерітіндінің ортасы қышқыл екенін білдіреді. Апельсин шырынындағы лакмус қызыл түске айналады, ал фенолфталеиннің түсі өзгеріссіз қалады.

 

Минералды суда ерітіндінің ортасы сілтілі. Барлық индикаторлар сілтілік ортаға басқаша әсер етеді. Метилоранж сарғыштан сары түске, ал фенолфталеин қызылға, лакмустың түсі көкке өзгереді.

 

Сонымен, табиғатта кейбір қышқылдар мен сілтілердің болуын "қышқылдық" және "сабындылық"сияқты қасиеттерден анықтауға болады.

 

Метилоранж, фенолфталеин және лакмус сияқты индикаторларды қолдана отырып, кез-келген ерітіндінің ортасын анықтауға болады.

 

Бұл заттардың барлығы көптеген салаларда да, тұрмыстық қажеттіліктер үшін де кеңінен қолданылады. Күкірт қышқылы автомобиль аккумуляторларында қолданылады. Тамақ өнеркәсібіндегі лимонқышқылы қолданылады. Күкірт, тұз және ортофосфор қышқылдары тағамдық қоспалар болып табылады. Мысалы, E338 кодындағы тағамдық қоспалар осындай танымал сусындардағы қышқылдықты реттегіш болып табылады

Содержание
Автор
avatar
Газиза Жусипназарова
Химия пәні мұғалімі
Все курсы
Содержание